Биыл Екібастұздың жылу желісін жаңартуға 6-7 млрд теңге жұмсалады

390

Биыл Екібастұздағы жылу орталығы мен оның желісін жаңарту үшін 6-7 млрд теңге жұмсалады. Ал, толықтай жаңғырту үшін 13 млрд теңге кетеді. 

Биыл Екібастұздың жылу желісін жаңартуға 6-7 млрд теңге жұмсалады

Бүгін кеншілер шаһарында өткен Мәжіліс депутатымен кездесуде "Екібастұз жылу энерго орталығы" бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров осылай мәлімдеді. Қала әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, бүгінгі таңда жылу орталығын жергілікті әкімдіктің балансына беру рәсімі басталған. Дегенмен, станцияны модернизациялауға  жұмсалатын қаржыны нақты кімнің өтейтіні белгісіз.

"Біздің бір жылда 13 млрд теңгені игере алмайтынымыз түсінікті. Әйтсе де, осы жылға 6-7 млрд теңге салып, станция мен жылу желілерін жөндейміз. Біз биыл атқаратын жұмыстар көлемін межеледік. Қалғаны әлі қалыптастырылып жатыр", деді "Екібастұз жылуэнерго орталығы" ЖШС бас директорының м.а. Дмитрий Захаров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу