Биыл қыс жылы болады – Қазгидромет

944

Қарашаның соңында шығыста температура –20°C дейін төмендеуі мүмкін, ал солтүстік-батыста –14°C, солтүстік-шығыста –17°C дейін болады.  

Биыл қыс жылы болады – Қазгидромет Фото: Астана әкімдігі

Синоптиктер алдағы қысқа қатысты болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Желтоқсанда айтарлықтай аяз байқалмайды, ал қаңтар мен ақпан айларында солтүстік-шығыста –20°C сәл асады.

Алдағы 3 күнде елдің басым бөлігінде тұман, кей өңірде жел күшейеді. Солтүстік аймақтарда қар жауады. Республика бойынша көктайғақ және тұман күтіледі.

13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратованың айтуынша, климаттағы өзгерістер жаһандық жылынумен байланысты. Келесі жылдары ауа райы мезгілге сай болмауы мүмкін, ал он жылдық перспективада еліміз тарихтағы ең ыстық кезеңді бастан кешуі ықтимал.

Ал эколог Айдана Қыдырованың пікірінше, қазір бір күн қар, бір күн жаңбыр болып отыр. Бұл табиғи құбылыс емес және ғаламдық жылынудың салдары. Халықтың тек 20%-ы қоқысты қайта өңдеуге береді, қалғаны қоршаған ортаны ластайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу