Биыл елімізде 1,5 мыңнан аса нәресте шетінеген

747

Өткен жылмен салыстырғанда өлім-жітім 1,3% көбейген.

Биыл елімізде 1,5 мыңнан аса нәресте шетінеген

2018 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейінгі 1 626 нәресте өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 1,3% көбейген.

Нәресте өлім-жітіміне перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар себеп болады, 2018 жылғы қаңтар-маусымда 782 нәресте қайтыс болды, бұл нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 48,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 328 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан – 124 немесе 7,6%, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан – 86 нәресте немесе 5,3% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 73 немесе 4,5% нәресте қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтар-мамырда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,44 құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу