Биыл елімізде 107,8 мың тонна күріш өнідірілді

294

Қазақстанда күріш импорты 3,5 есе өскен.

Биыл елімізде 107,8 мың тонна күріш өнідірілді Фото: eldala.kz

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.

Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады.

Бұл ретте күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна).

Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу