Биыл елімізде 14 млн тонна бидай жиналады – болжам

931

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі биыл Қазақстанда қанша тонна бидай жиналатынына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап. 

Биыл елімізде 14 млн тонна бидай жиналады – болжам

Ведомство болжамынша, осы жылы (2020 жылғы шілде – 2021 жылғы маусым) елімізде 14,26 млн тонна бидай жиналады.

Бидай экспорты бойынша болжам – 7,5 млн тонна, импорт бойынша 500 мың тонна.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауыспалы астық қоры – 1,59 млн тонна.

"Биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7-8 млн тонна астық көлемінде болады деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылы елімізде 20 млн тонна астық жиналған (Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше), ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 17,4 млн тонна болған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу