Биыл елімізде 3333 мейрамхана бизнесі тіркелді

Осы салада тіркелгендендің саны бойынша көш бастап тұрған өңір Алматы қаласы.

Биыл елімізде 3333 мейрамхана бизнесі тіркелді Фото: altesainvest

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Барлығы 2022 жылдан бері Қазақстанда 8384 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға "мейрамхана бизнесі" қызметімен айналысатынын көрсетіп, кәсіпкерлігін тіркеген.

2022 жылы 5051 салық төлеуші тіркелген:

- 719 заңды тұлға ретінде;

- 4332 жеке кәсіпкер ретінде.

2023 жылдың 7 айында 3333 салық төлеуші тіркелген:

- 543 заңды тұлға ретінде;

- 2790 жеке кәсіпкер ретінде.

Осы салада тіркелгендендің саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер: Алматы қаласында - 521 заңды тұлға тіркелсе, Астана қаласында - 1436 жеке кәсіпкер тіркелген.

Бюджетке қоғамдық тамақтану қызметінен түскен салықтар 
2023 жылдың 7 айында – 66,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,6 млрд.теңгеге артық түскен. 2022 жылдың 
7 айында ел қазынасына 42,1 млрд теңге салықтар түскен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу