Биыл елімізде әуе арқылы 3 миллион жолаушы тасымалданған

671

Биыл елімізде әуе арқылы 3 миллион жолаушы тасымалданған

Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының өсуінің жоғары қарқыны сақталуда. 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3,0 млн құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 12%-ға артық (2,5 млн адам), деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш те өткен жылғыдан 12%-ға артық.
2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткен еді. 
Сондай-ақ, биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу