Биыл елімізден 12 344 адам кетіп, 7 287 адам келді

672

Көші-қон айырымы – 5 057 адам.

Биыл елімізден 12 344 адам кетіп, 7 287 адам келді

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биыл қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келген, елімізден кеткендердің саны – 12 344 адам, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,5% және 83%.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға кеміген. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу