Биыл елімізге Украинадан қанша адам көшіп келді

560

Соңғы үш айда Қазақстаннан Украинаға 10 адам көшіп кетті.

Биыл елімізге Украинадан қанша адам көшіп келді

Украиналықтардың басым көпшілігі Қостанай облысында (66,6 мың) тұрады. Одан кейінгі орында Қарағанды (36,7 мың) және Ақмола облыстары (29,5 мың адам) тұр, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың басындағы мәліметтерге сәйкес, республикамызда 247,4 мың украиналық тұрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6%-ға аз. 

Қызылорда облысында 204 украиналық тұрады.  

Былтыр елімізге Украинадан 20 адам келген. Ал осы жылдың бірінші тоқсанында 33 адам көшіп келді. Оның ішінде Алматыға 13 адам, елорда мен Маңғыстау облысына 5 адамнан қоныс аударған. 

Ресми деректерге сәйкес, соңғы үш ай ішінде Қазақстаннан Украинаға 10 адам көшіп кетті. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл елге 14 адам кеткен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу