Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады

873

Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы – 500 мың шаршы метр.

Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады Фото: astana.gov.kz

Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн. Баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі", – деді қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысу кезінде.

Сонымен бірге елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 5 апатты үйді бұзып, 200-ден астам пәтер тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу