Биыл энергетикалық кешенді цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылады?

83

2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды.   

Биыл энергетикалық кешенді цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылады? Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің негізгі процестеріне жасанды интеллект технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрліктің тәсілі эксперименттік әзірлемелерге емес, инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, апаттылықты төмендетуге және шығындарды оңтайландыруға бағытталған қолданбалы пилоттық жобаларды іске асыруға негізделген.

Қазіргі уақытта салада үш негізгі практикалық кейс жүзеге асып жатыр. 

"Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, электр беру әуе желілерін ЖИ-дефектоскопиялау. Компьютерлік көру және машиналық оқыту технологиялары 4K-камералар, жылу анықтау және лидар жүйелерінен алынған деректер негізінде тірек конструкциялары мен сымдардағы ақауларды, қызып кетулерді, деформацияларды және басқа да жасырын тәуекелдерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жоба шығындарды қысқарту есебінен 2,5 млрд.теңге көлемінде экономикалық тиімділік береді деп күтілуде. Акустикалық резонанс технологиясына негізделген жылу желілерінің роботтандырылған құбырішілік диагностикасы. Бұл шешім жүйені ашпай-ақ және тоқтатпай-ақ құбырлардың жай-күйін нүктелік бағалауды қамтамасыз етеді. Бұл шешім жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлау арқылы 42 млрд теңге көлемінде экономикалық нәтиже бермек", – деп хабарлады ведомство.

Газ саласына арналған ЖИ-ассистент, ол мобильді қосымшада түсірілген фотосурет арқылы газ есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты түрде таниды. Бұл адам факторын азайтып, есепке алудың дәлдігін арттырады.

Аталған шешімдердің барлығы пилоттық режимде апробациядан өтіп, жоғары тиімділігін көрсетті: диагностика уақыты жеделдеді, апаттылық деңгейі төмендеді және ресурстарды үнемдеу айтарлықтай артты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу