Биыл Ертіс өңірінде 1,3 тоннадан аса шаян аулауға квота бөлінді

932

Биыл Ертіс өңірінде 1,3 тоннадан аса шаян аулауға квота бөлінді

2018 жылы Ертіс өңіріндегі су айдындарын мекендейтін су жануарларының 1506,6 тоннасын аулауға квота берілген. Оның ішінде 1360,6 тонна артемия шаяндарын аулауға 27 табиғат пайдаланушының арасында квота бөлінген. Бұл туралы облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жыл сайын табиғатты пайдаланушылар өздерінің жеке қаражаты есебінен жануарлар дүниесін алуға квотаны анықтау  мақсатында су айдындарда биологиялық зерттеулер жүргізеді, - дейді Қадылжан Сатиев. -  Павлодар облысында бес жылдың ішінде 3,5 мың тоннадан астам артемия шаяндары ауланған. Барлық су айдындарында маусым кезінде 500-ден астам адам жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап бес жылдың ішінде бюджетке 400-ден астам миллион теңге қаржы түскен".   

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл 40 ащы-тұзды су айдынын бекіту бойынша конкурс өткізу есебінен артемия цисталарына бөлінген квота 817 тоннадан 1360,6 тоннаға дейін, яғни 40 пайызға артқан.   

Мәселен, 2016 жылы 819 тонна болса, 2017 жылы квота 825 тоннаны құраған. Оның ішінде  817 тоннасы немесе республика бойынша 54 пайызы 17  табиғат пайдаланушының арасында артемия цисталарын аулауға арналған.  

Нәтижесінде өткен жылы бюджетке 80 млн теңге қаражат түссе, биылғы жылы 140 млн теңгеден  астам қаржы түседі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу