Биыл Еуропада аптап ыстықтан 50 мың адам көз жұмған

323

Биылғы жаз Еуропада аптап ыстықтан ең көп өлім-жітім тіркелген жыл ретінде тарихқа енді.

Биыл Еуропада аптап ыстықтан 50 мың адам көз жұмған Фото: REUTERS / Sarah Meyssonnier

Қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, өлім-жітімнің 65 пайызына табиғатқа адам баласының тигізген әсері себеп болған. Тиісті талдау Еуроодақ, Ұлыбритания, Норвегия және Швейцариядағы 850-ден астам қалалық орталықтардың мәліметтерін қамтыды. 2022 жылы аймақта аптап ыстықтан шамамен 29 мың адам қайтыс болды деп бағаланған. Ол кезде климаттың өзгеруіне байланысты өлім-жітім үлесі 59 пайызға жеткен.

Лондон ғалымдары 2000 жылдан бергі тарихи мәліметтерге сүйене отырып, ыстықтан болатын өлім-жітімді есептеу әдісін әзірледі. Олар нәтижелерді ресми статистикамен салыстырды. 

Зерттеушілер 2026 жылдың маусымында аптап ыстық салдары өте ауыр болғанын атап өтті. Ыстықтан қайтыс болғандардың үштен біріне жуығы 17 маусым мен 1 шілде аралығында тіркелген. Бұл күндері орташа температура 1991–2020 жылдардағы көрсеткіштен 5 градусқа жоғары болды. Салдарынан қарттар ғана емес, жасы 65-ке толмаған 6 мыңға жуық адам көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу