Биыл импорттық тауар бағасы 3,5 пайызға жоғарылады

1069

Биыл импорттық тауар бағасы 3,5 пайызға  жоғарылады

Биылғы жылы тамызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға – 5,1%, импортталатындарға 3,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлады.

Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 48,4%, мыс кендеріне – 16,4%, мырышқа – 7,4%, көмірге – 6,1%, қара металдар илегіне – 5,3%, қорғасынға 2,9%-ға жоғарылады, марганец кендеріне 31,6%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға 7,5%-ға жоғарылауы, олардың жүнге – 5,9%, бидайға 2%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден кофе – 16,9%, шай – 12,2%, сүт өнімдері – 9,8%, құс еті – 3,4%, макарон өнімдері 2,9%, күріш 1,6%-ға қымбаттады, көкөністер – 43,2%, жемістер мен жаңғақтар 4,3%-ға арзандады. Баға пластмассаларға – 12,9%, былғарыға – 11,2%, қағазға – 5,5%, сүрекке 5,1%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу