Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды

131

Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр.

Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды Фото: gov.kz

Биыл министрлік дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары аясында 8,47 км канал, 11,2 км коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыманы реконструкциядан өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

"Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр", – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу