Биыл қанша шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілді

1500

Бүгінде елде 15 мыңға жуық шетелдік маман еңбек етіп жүр.

Биыл қанша шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат берілді

2022 жылы шетелден Қазақстанға жұмыс күшін тартуға 18 мыңнан аса маманға рұқсат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға квота белгілейді және бөледі.

Биыл квота елдегі жұмыс күшінің санына қатысты 0,31% немесе 28,3 мың деңгейінде белгіленді.

"2022 жылы шетел жұмыс күшін тартуға квота 4 санатқа бөлінді. Бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады (13 887 және 3 421 болды). Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 302 адам тартылуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың мөлшерінде шетел жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсат берді және ұзартты, бұл белгіленген квотаның – 64% (29,3 мың).

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетелдік маман жұмыс істеп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу