Биыл қаңтарда шетелге 45,6 млрд теңге аударылған

1099

Бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,3%-ға аз.

Биыл қаңтарда шетелге 45,6 млрд теңге аударылған

2022 жылғы қаңтарда Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі арқылы 45,6 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтарда шетелге жіберілген қаражат көлемі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда 37,1%-ға өскен еді.

Транзакциялар саны үштен бірге, 150 мыңнан 100,5 мыңға дейін қысқарды.

Биыл қаңтарда шетелге қаражаттың негізгі бөлігі доллармен аударылған. Барлық көлемнің 82,5%, өткен жылғы көрсеткіш 73,6%, ал 5 жыл бұрынғы көрсеткіш 61,4%. 

Рубльмен аударым үлесі жылдан жылға азайып келеді. 2022 жылғы қаңтарда оның үлесі – 10,8%. Аударымдағы теңгенің үлесі бір жылда 11,9%-дан 5,7%-ға дейін, еуро үлесі – 1,2%-дан 1%-ға дейін азайды.

Қазақстаннан шетелге ақша аудару жүйесі арқылы жіберілген бір аударымның орташа чегі – 142,7 мыңнан 140,6 мың теңгеге дейін, рубльде – 59,8 мыңнан 50,9 мың рубльге дейін, еурода – 1218-ден 1 155 еуроға дейін қысқарған.

Доллардағы бір аударымның орташа чегі 1 165 доллардан 1 355 долларға дейін өсті.

Шетелге жіберілген барлық қаражат көлемінің жартысынан астамы 3 елге ғана тиесілі: Түркия (10,4 млрд теңге), Өзбекстан (9,3 млрд теңге) және Қырғызстан (8,3 млрд теңге).

Сондай-ақ ақшаның айтарлықтай бөлігі Ресейге де жіберілді. 7,2 млрд теңге, бұл ретте өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда айтарлықтай аз (онда Ресей көшбасында болған).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу