Биыл "Қарағанды – Балқаш" учаскесінің барлық бағыты ашылып, пайдалануға беріледі

580

"Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" бағытындағы автомобиль жолы келесі жылы ашылады

Биыл "Қарағанды – Балқаш" учаскесінің барлық бағыты ашылып, пайдалануға беріледі

Биылғы жылдың соңына дейін "Қарағанды – Балқаш" учаскесінің барлық бағыты ашылып, пайдалануға берілмек. Бүгінде жаңа көлік дәлізінің 277 шақырымында жол қозғалысы ашылған. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Балқаш – Бурылбайтал" және "Бурылбайтал – Күрті" бағытындағы жол желісі 2023 жылдың аяғына дейін іске қосылады. Сонымен қатар қазіргі таңда "Күрті – Қапшағай" учаскесінде толыққанды құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаны жүзеге асыруға 277 инженерлік және өндірістік маман тартылып, еңбек етуде. Бұл жол желісі 2024 жылы ашылады деп болжануда", – деді ҚР ИИДМ өкілдері.

Спикерлердің айтуынша, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің "Қызылорда – Қарабұтақ – Ақтөбе – РФ шекарасына дейін" учаскесін реконструкциялау жұмыстары екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ.

Ал "Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" бағытындағы автомобиль жолы келесі жылы ашылады күтілуде.

Аталған көлік дәлізінің жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайды. Оның 37 шақырымы бірінші техникалық категорияға жатса, 731 шақырымы екінші санатта. Бұл жол желісінің барлық бағыты 2022 жылдың соңына қарай ашылмақ. Ал толыққанды жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу