Биыл Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылған

661

Еліміздің кенді өлкесі Қарағанды облысы пандемияға қарамастан инвестиция және өндіріс жағынан оң динамика көрсетіп отыр.  

Биыл Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылған

Мұны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің биылғы жылдың он айы бойынша берген есебінен байқауға болады. 

"Биылғы жылы қазан айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысына 530 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 83%-ы – жеке меншік қаржы. Нәтижесінде өңірде 12,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды. Өңірде 45 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда", – деді облыс басшысы. 
Жеңіс Қасымбектің сөзінше жыл соңына дейін аталған жобалардың 11-і іске қосылып, 2,5 мыңнан аса тұрақты жұмыс орны ашылады. 
"Сондай-ақ бүгінде өңір экономикасы дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы көрсетуде. Облыстың ЖІӨ-дегі өнеркәсіп үлесі 50%-дан асты. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 2,4%-ға артты", – деді ол. 

Облыс басшысы брифингте облыстың қозғаушы күші – кәсіпорындар жұмысына тоқталды. Қазір олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

"Өңірдегі жүйе құрушы кәсіпорындар "АрселорМиттал Теміртау" және "Қазақмыс" тұрақты жұмыс істеуде. Әрі әлемдік нарықтарда мыс пен болат бағасының өсуін байқап отырмыз. Сондықтан жыл соңына дейін 103%-ға дейін оң динамика қамтамасыз ету жоспарлануда", – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу