Биыл Қазақстан 81 миллион тонна мұнай өндіреді

935

Биыл Қазақстан 81 миллион тонна мұнай өндіреді

Қазақстан биыл 81 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның 65 миллионы экспортқа шығарылады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

2017 жылы мұнайға болжамды баға барреліне 50-55 долларды құрайды. Аймақтар бойынша мұнай өндіруден Атырау облысы алда келеді.  2016 жылы облыста 33,5 миллион тонна шикізат өндірілген. Маңғыстауда - 18,1 миллион, Батыс Қазақстанда 12,3 миллион, Қызылорда - 7,6 млн, ал Ақтөбе облысында 6,3 миллион тонна мұнай өндірілген. Қара алтынды өңдеу 2017 жылы 14,5 миллион тонна деп жоспарланған. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан 47 миллиардқа жуық текше метр газ өндірсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 48 миллиардтан аспақ. Оның 13,7 миллиард текше метрі экспортқа жөнелтіледі.

 

"Әлемдегі мұнай бағасының өсуіне ОПЕК елдері өндіру көлемін төмендету бойынша міндеттемелерінің әсері тиді. Оған Қазақстан да қосылды. Қашағанда 8 миллион, Теңізде 27,5 миллион, Қарашығанақта 11,9 миллион тонна мұнай өндірілетін болады", – деді энергетика министрі Қанат Бозымбаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу