Биыл "Қазақстан халқына" қоры қанша білім беру грантын бөлді?

352

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді.

Биыл "Қазақстан халқына" қоры қанша білім беру грантын бөлді? Фото: almaty.tv

"Қазақстан халқына" қоры білім беру гранты бағдарламасына қатысатын университеттердің тізімін жариялады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақстан халқына" қоры бакалавриат бағдарламалары бойынша талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) күндізгі оқуға 850 білім беру грантын бөлді.

"Үміткерлер 10-17 тамыз аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиясына өтініш беруі керек. Өтінім беру процесі жауапты қадам екенін ұмытпаңыз. Сондай-ақ, біздің қор ЖОО-ға түсуге байланысты мәселелер бойынша кеңес бермейді", делінген ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу