Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 млрд долларға жеткен

101

Олжас Бектенов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті. 

Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12 млрд долларға жеткен Фото: Үкімет

Жиында цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда.

2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы $12 млрд құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүруде.

Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады. Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ және ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу