Биыл Қазақстанда 14,26 млн тонна бидай өндірілмек

832

Экспорт бойынша болжам – 7,5 млн тонна, импорт бойынша – 500 мың тонна. 

Биыл Қазақстанда 14,26 млн тонна бидай өндірілмек Фото: inbusiness.kz

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда өндірілетін бидай көлемі бойынша болжамын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.​

"Бидай экспорты бойынша болжам 7,5 млн тонна, импорт бойынша 500 мың тонна деңгейінде қалды. Дәнді дақылдардың қоры 2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 1,69 млн тоннаға бағаланған. Биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті 7-8 млн тонна астық пен ұн астық эквивалентінде бағаланады. Дәнді дақылдардың таза салмағы бойынша жинау, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2020 жылы 20,063 млн тонна астықты құраса, 2019 жылы 17,4 млн тонна болатын", - деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу