Оның 15-і тоқтату кранын себепсіз пайдаланудан болған.
Осындай жағдайдың бірі Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш – Жем" теміржол учаскесінде тіркелді. "Мәскеу – Бішкек" бағытындағы жолаушылар пойызында Қырғызстан азаматы абайсызда тоқтату кранын іске қосқан. Соның салдарынан пойыз шұғыл тежеліп, қозғалыс 19 минутқа тоқтаған.
Оқиғаға байланысты Қандыағаш станциясындағы көліктегі полиция қызметкерлері 51 жастағы шетел азаматын пойызды негізсіз тоқтатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
"Мұндай әрекеттер пойыздардың жүру кестесіне кедергі келтіріп қана қоймай, жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондай-ақ ауыр жарақаттарға себеп болуы мүмкін", – деп ескертті көліктегі полиция департаменті.
Ведомство өкілдері теміржол нысандарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Тоқтату краны тек шұғыл жағдайларда ғана қолданылуы тиіс. Оны басқа мақсатта немесе негізсіз іске қосуға тыйым салынады.