Биыл қазақстандық ұн тартатын кәсіпорындар 1,6 млн тонна ұн өндірді

331

Экспортқа 762,4 мың тонна ұн жіберілді.

Биыл қазақстандық ұн тартатын кәсіпорындар 1,6 млн тонна ұн өндірді Фото: inbusiness.kz

Қазақстандағы ұн тартатын кәсіпорындар биыл  қаңтар айынан маусым айына дейін 1,6 млн тонна ұн өндірді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамалы өсім (+0,4%) байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, экспортқа 762,4 мың тонна ұн жіберілді. Ауғанстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Ресей отандық өнімнің дәстүрлі сатып алушылары болып қала береді. Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Израиль, Ирак, БАӘ және Түркия сияқты елдерге ұн өткізу нарығы кеңейді.

Статистикаға сәйкес, биыл шілдеде ұн бағасының төмендеуі байқалды. Өндірушілердің өнімі тоннасына 170,8 мың теңгеден 168,7 мың теңгеге дейін арзандады. Бұл ретте көтерме баға бір келі үшін 245 теңгеден 240 теңгеге дейін төмендеді, соңғы тұтынушы үшін бөлшек саудада бір келі ұнның бағасы орта есеппен 232 теңгені құрайды.

Айта кетейік, ұн тарту саласында бүгінде жалпы қуаты жылына 9,3 млн тонна астық өндіре алатын 270-ке жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 2022 жылы үш жылдық құлдыраудан кейін елдегі ұн өндіру рекордтық көрсеткіштерге жетіп, қазақстандық нарыққа 3,4 млн тонна өнім түсті. Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтыну көрсеткішінен 2,2 есе көп, ол жылына шамамен 1,5 млн тонна өнімді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу