Биыл Қазақстанға 16,1 мың адам қоныс аударды

414

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Биыл Қазақстанға 16,1 мың адам қоныс аударды Фото: liter.kz

Елге келгендердің саны кеткендердің санынан басым болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаңтар-қыркүйек аралығында елден 5,9 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,4% аз. Көші-қон сальдосы оң мәнде қалып отыр – 10,2 мың адам.

"Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асырылады. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 82,7%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі – 73,2%. Басқа мемлекеттерден келгендердің ішінде Қытай, Моңғолия және Түркия азаматтары басым", – делінген статистика бюросы таратқан ақпаратта.

Қазақстанға қоныс аударғандардың көпшілігі мына өңірлерге тұрақтаған:

  • Алматы облысы – 4,4 мың адам;
  • Алматы қаласы – 2,6 мың адам;
  • Маңғыстау облысы – 2,3 мың адам;  
  • Астана қаласы – 1 мың адам.

Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8% артты.

Өңіраралық көші-қон бойынша оң сальдо 4 өңірде қалыптасты:

  • Астана – 67,2 мың адам;
  • Алматы – 27,8 мың адам; 
  • Шымкент – 13 мың адам;
  • Алматы облысында – 8 мың адам.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу