Биыл Қазақстанға 43,5 мың тонна қарбыз мен қауын импортталған

349

Импорттаған елдер Иран, Тәжікстан, Өзбектан болды.

Биыл Қазақстанға 43,5 мың тонна қарбыз мен қауын импортталған Фото: pixabay.com

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың жеті айындағы қауын-қарбыз импорты мен экспорты туралы қызық деректерді айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Комитеттің мәліметінше, осы кезеңде Қазақстанға 8 911,1 мың доллар болатын 43,5 мың тонна қарбыз мен қауын импортталған:

·       Өзбекстаннан 34 мың тонна;

·       Ираннан 3,1 мың тонна;

·       Тәжікстаннан 421,5 тонна.

Сарапшылардың айтуынша, жеті айда Қазақстаннан 959,6 мың доллар болатын 2,9 мың тонна асқабақ мына елдерге экспортталды:

·       Монғолияға 940,8 тонна;

·       Латвияға 574,2 тонна;

·       Украинаға 716 тонна;

·       Германияға 252,3 тонна;

·       Польшаға 271,3 тонна;

·       Эстонияға 115,2 тонна және тағы басқа.

Бір қызығы, экспорттың негізгі бөлігі қауын-қарбыз болды.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл экспорт 1,8 мың тоннаға өскені айтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу