Биыл Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 1183 құқық бұзушылық анықталды

Шекаралық аймаққа келу тәртібін бұзғаны үшін 703 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Биыл Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 1183 құқық бұзушылық анықталды Фото: www.uralskweek.kz

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 1183 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекараны қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Есептік кезеңде шекарашылар мемлекеттік шекарада 1183 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кесті", – деді Серік Ахметқалиев.

Оның айтуынша, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 68 адам, шекаралық аймақтағы шекара режимі мен жекелеген учаскелерде болу тәртібін бұзғаны үшін 703 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, шекара режимін бұзғаны үшін 68 құқық бұзушы, республиканың аумақтық сулары мен ішкі суларында мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін 344 адам ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу