Биыл көлік саласы мамандарының жалақысы 30%-ға өсті

2620

Биыл көлік саласы мамандарының жалақысы  30%-ға өсті

2017 жылы көлік саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы  30%-ға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылы Қазақстан кәсіпорындары жұмысшыларына көп көңіл бөле бастады.

Экономика саласының 48%-інде (45 сала) нақты жалақының өсуі байқалған. Бұл көрсеткіш өткен жылы 35%-ке (33 сала) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, 2017 жылдың бірінші тоқсанында айлық жалақы бойынша сатып алуға деген қабілеттің төмендеуі 45 салада байқалған еді. Бірінші тоқсандағы нақты жалақы индексінің өсуі (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) 0,4%-тен 39,7%-ке дейін жетті. Сонымен қатар, нақты жалақының қысқаруы өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындарда 72,1%-ті құраған. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, көлік саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 100,8 мың теңгеге жоғарылаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу