Биыл көпбалалы отбасылар 54,4 млрд теңге жәрдемақы алған

918

Бұл жәрдемақыға кәмелет жасына толмаған 4 және оданда көп баласы бар отбасылар үміткер бола алады.

Биыл көпбалалы отбасылар 54,4 млрд теңге жәрдемақы алған

Жыл басынан бері 490 мың көпбалалы отбасыға 54,4 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы төленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда 492,5 мың отбасы 27,3 млрд теңге жәрдемақы алған.

Аталған жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

"Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді: 2022 жылы 49 100 теңге (4 бала), 61 383 теңге (5 бала), 73 666 (6 бала) теңге, 85 948 теңге (7 бала), 8 балаға – 98 016 теңге, 9 балаға – 110 268 теңге, 10 балаға – 122 520 теңге, 11 балаға – 134 772 теңге, 12 балаға – 147 024 теңге, 13 балаға – 159 276 теңге, 14 балаға – 171 528 теңге, 15 балаға – 183 780 теңге, 16 балаға – 196 032 теңге немесе әр балаға 12 252 теңге беріледі", деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірісін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың 3 негізгі бағыты шеңберінде енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу