Биыл қосымша инклюзивті білімді қолдау кабинеттері ашылады

90

Балаларға кешенді қолдау көрсетіледі. 

Биыл қосымша инклюзивті білімді қолдау кабинеттері ашылады Фото: gov.kz

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тіркелген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Педагог-ассистенттер лауазымдарын енгізудің нәтижесінде үйде оқитын бала саны 11%-ға төмендеді, яғни 2 мыңға жуық бала мектепке келуге мүмкіндік алды. 

"Министрлік Инклюзивті саясат тұжырымдамасында көзделген іс-шаралардың кешенді орындалуын қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балаларға қолдау көрсету мақсатында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білімді қолдау кабинеттері ашылды. Ал биыл жоспар бойынша қосымша 40 қолдау кабинеті ашу көзделген. Біз арнайы педагогика бағыттарының тізімін 8 профильге дейін кеңейттік. Балаларды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін 360 арнайы оқу бағдарламасы және 300-ден астам оқулық, оқу-әдістемелік кешен әзірленді. Сондай-ақ, педагогтер, арнайы мамандар мен ата-аналардың қарым-қатынасын ұйымдастыру бойынша 160 әдістемелік ұсыным дайындалды", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу