Биыл қуаңшылық бола ма?

155

Қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. 

Биыл қуаңшылық бола ма? Фото: azattyq-ruhy.kz

Егін егілетін аумақтардағы ылғал қоры вегетациялық кезеңнің басталуына жеткілікті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК агрометеорологиялық болжау басқармасының басшысы Камар Салиева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Егін егілетін аумақтарда, солтүстік өңірлерде күз және қыс бойы жиналған ылғал қоры вегетациялық кезеңнің басталуына жеткілікті. Бірақ шілде мен тамызда ауа температурасы нормаға жуық, жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары деп болжап отырмыз. Десек те, жекелеген облыстарда қуаңшылық болуы мүмкін. Себебі жауын-шашын жергілікті құбылыс болып есептелінеді. Қуаңшылық болжамы бір айға жасалады. Маусым айынан тамызға дейін бөлек дайындалады", - деді Камар Салиева Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тілшілер спикерден қай өңірлерле қуаңшылық қаупі басым деп сұрады.

Камар Салиеваның сөзінше, бұл болжам сәуірдің 23-інде нақтыланады.

"Қазіргі болжам бойынша жауын-шашын мөлшері маусым айында төмен деп болады отырмыз. Атап айтқанда, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде. Бірақ бұл болжамдарды нақтылаймыз", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу