Биыл күнбағыс майының экспорты артты

1448

Қаңтар және наурыз аралығында сыртқа шығарылған майдың көлемі 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,6%-ға өскен.

Биыл күнбағыс майының экспорты артты

Биыл күнбағыс майының экспорты артты. Бұл туралы energyprom.kz басылымы хабарлады.

Биыл қаңтар және наурыз айларында тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің көлемі 44,4 мың тоннаға жеткен. Былтырғы көрсеткіштен 19,5%-ға артық. Ал тазартылған майдың 29,3 мың тоннасы шығарылған: 2019 жылғыдан 4,2%-ға көп. Жалпы, күнбағыс майының өндірісі 12,9%-ға өсіп, 73,6 мың тоннаға дейін жеткен.

Ескере кететін жайт, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылға арналған тазартылмаған күнбағыс майын шығаруға квота алуға мүдделі тұлғалардың өтінімдерін қабылдай бастады. Квота көлемі 10 мың тонна. Ал ішкі нарыққа арналған кепілді жеткізілімнің көлемі 3 мың тонна, яғни бұл экспорттың 30%.
2020 жылдың қаңтар және наурыз айларында күнбағыс майының экспорт мөлшері былтырғымен салыстырғанда 41,6%-ға артып, 19,6 мың тонна болды. Бірақ оның ішкі нарықтағы сатылымы 13,6%-ға қысқарып, 40,9 мың тоннаға дейін азайған.
Сәуір айындағы дерек бойынша елімізде майдың 1 литрі 434 теңге деңгейінде тіркелді. 2019 жылы 0,3%-ға арзандау болған еді. Күнбағыс майы ең қымбат қалалар: Ақтау (1 литр – 484 тг.), Нұр-Сұлтан (476 тг.), Атырау (454 тг.).

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу