Биыл құрылыс материалдары қымбаттаған

1227

Биыл құрылыс материалдары қымбаттаған

2018 жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 2,7%, құрылыс-монтаж жұмыстарына – 2,8%, машиналар мен жабдықтарға – 2,3%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 2,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.

Биылғы жылдың басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар бағасының өсімі 0,4% құрады.

2018 жылғы 6 айда жайма болаттың бағасы - 2,9%-ға, құмның – 1,9%-ға, ғаныш картон мен электр жабдықтарының – 1,5%-ға, ғаныштың – 1,1%-ға, бояулар мен эмальдардың – 0,8%-ға, битумның – 0,7%-ға өсті.

Тауарлы бетон - 0,6%, шағыл мен ағаш материалдары – 0,3%-ға, табақты шыны – 0,2%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу