Биыл Қытайда жаңажылдық отшашу болмайды

1182

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді бұзуға пандемия әсер етті. 

Биыл Қытайда жаңажылдық отшашу болмайды

Қытай Жаңа жылын тойлау биыл ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерді бұза отырып өткізілетін болады. Көрші елдің өзінде отшашулар мен жаппай мерекелік шаралар алынып тасталды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап. 

"Қытайда қалааралық саяхаттарға тыйым салынады, елге келген азаматтар екі апталық карантиннен өтуі шарты енгізілді", – деп жазылған хабарламада. 

Ал Жапония вакцинация науқанына әзірленуде. 

"Вакцинацияны келесі аптаның ортасында бастаймыз", - деді елдің Премьер-министрі Есихидэ Суга. 

Жапондықтар Pfizer вакцинасын қолданбақ. Алдымен медицина қызметкерлері, содан кейін, шамамен сәуір айында егде жастағы адамдарға вакцина салу жоспарланған.

Сербия жыл соңына дейін ресейлік "Sputnik V" вакцинасының өндірісін жолға қоюы мүмкін. Аталған ел билігі жаңа кәсіпорын салу мен жабдық сатып алуға қажетті қаражатты бөлуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Сербияда препарат орамасының өндірісі екі-үш айдан кейін басталады деп күтілуде, содан кейін толық өндірістік цикл іске қосылмақ.

"Германия мутацияланған коронавирустың өз аумағына енуіне жол бермеу үшін Чехиямен және Австриямен шекаралық бақылауды күшейтті. Чехияда қазір британдық штамм, ал Австрияның Тирол федералды штатында оңтүстік африка штаммының өршуі тіркелген", – деп жазылған Ведомствоаралық комиссияның хабарламасында. 

Бұл ретте Португалияда оқшаулану режимі 1 наурызға дейін жалғасады. Билік мұндай шешімді елдегі індеттің жылдам өршуіне байланысты қабылдады. Қаңтардың ортасынан бастап мектептер мен көптеген кәсіпорындар жабылған, кейбір мекемелер қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу