Биыл Маңғыстауда 2,3 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

749

Өңірде 800-ге жуық шаруа қожалығын әйелдер басқарады.  

Биыл Маңғыстауда 2,3 млрд теңгенің жобасы іске асырылады

2022 жылы Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 8 жобасы іске асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басшының айтуынша, бүгінде өңірде жалпы 750 133 халық бар.

"Облыста 446 675 адам ауылда тұрады әрі оның 223 481-і әйелдер. Олардың бір парасы әлеуметтік салаларда, шағын және орта кәсіпте, қызметтің түрлі салаларында еңбек етіп жүр. Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 3023 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде әйелдер басқаратын 793 шаруа қожалығы тіркелген", - деді Ұлықбек Тналиев Ауыл әйелдерінің форумында.

Ол ауыл шаруашылығы саласында 8 жоба іске асырылатынын атап өтті.

"Биыл агро-өнеркәсіп кешен саласында жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 8 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 257 жаңа жұмыс орын құралады. Оның ішінде әйелдер басқаратын әрі жетістікке жеткен жобалар да аз емес. Мысалы, 2022 жылы жалпы құны 600 млн теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске қосылды, ал құны 80,0 млн теңге болатын тағы бір жоба жыл соңына дейін іске асырылады", - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Ұлықбек Тналиев облыста 45 әйел өз кәсібін ашқанын атап өтті. Олар мемлекеттік гранттарға ие болған.

"Нұр Капитал" шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында 161 жоба қаржыландырылып, несие сомасы 3,2 млрд теңгеге 1141 жаңа жұмыс орыны құрылды. Оның ішінде әйел кәсіпкерлерге 70 жоба мақұлданып, 1,36 млрд теңгеге 505 жаңа жұмыс орындары құрылды", - деді басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу