Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша қанша кәсіпкер қолдауға ие болғаны айтылды

215

370 жуық кәсіпкерге 1,4 млрд теңгенің қайтарымсыз гранты  берілген.

Биыл мемлекеттік бағдарламалар бойынша қанша кәсіпкер қолдауға ие болғаны айтылды Фото: Inbusiness.kz

Мемлекет тарапынан кепілдеме беру құралы бойынша 7 мыңға жуық кәсіпкер 270 млрд теңгеге несие алған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Нұрбол Жанабеков 2023 жылдың 11 айында жалпы субсидиялау құралы аясында 9 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 680 млрд теңгені құраған несиемен қамтамасыз етілгенін айтты.

"Мемлекет тарапынан кепілдеме беру құралы бойынша 7 мыңға жуық кәсіпкер 270 млрд теңгеге несие алған, қайтарымсыз гранттар - 370 жуық кәсіпкерге 1,4 млрд теңге берілген және жетіспейтін инфрақұрылым бойынша мемлекет тарапынан 23 жобаға қолдау көрсетілген", - деді Жанабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу