Биыл мемлекеттік меншіктегі 300-ге жуық нысан жекешелендірілді — Бақыт Сұлтанов

789

Биыл мемлекеттік меншіктегі 300-ге жуық нысан жекешелендірілді — Бақыт Сұлтанов

ҚР үкіметі отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына барлығы 877 нысан енгізілгенін баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

1 қазандағы жағдай бойынша 441 нысан сатылымға қойылса, оның 291 нысаны 112,7 млрд теңге сомаға сатылды.  

Сатылған нысандардың сату бағасы: 8,3 млрд теңге болатын республикалық меншіктегі 23 нысан, сату бағасы 33,1 млрд теңгені құраған коммуналдық меншіктегі 162 нысан және сату бағасы 71,3 млрд теңге болатын квазимемлекеттік сектордың 106 нысаны. Бұдан өзге, 211 нысан қайта ұйымдастыру және тарату кезеңінде.

Осылайша, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын нысандарды есепке алғанда кешенді жоспарды орындау ағымдағы мерзімге 74,3% құрайды.

Жалпы 2017 жылға 473 нысанды өткізу жоспарланған, оның ішінде бүгінгі таңда 251 нысан сатылымға қойылды, 55,6 млрд теңге сомаға 112 нысаны сатылды. 115 нысан қайта ұйымдастыру және тарату кезеңінде. Осылайша, жыл соңына дейін 107 нысанды өткізу қажет.

Нысандарды сатудың нәтижелілігін талдау нәтижелері жалпы теңгерімдік құны 96 млрд теңге кезінде 291 нысанды өткізу сомасы 112,7 млрд теңгені құрады.

Ең үздік нысандарды өткізу мәселесі бойынша 2017 жылы 24 нысанды өткізу жоспарланған, оның ішінде 20 нысан ұлттық холдингтер мен төрт нысан республикалық меншікке тиесілі. Олардың қазіргі уақытта 6-уы сатылды және 11-і сатылымға қойылды — бұл "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ сегіз нысаны мен "Бәйтерек" ҰБХ үш активі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу