Биыл наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

174

Жалпы, бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар наурыз айында 8 мерекелік күн демалады.

Биыл наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады Фото: Ақорда

Көктемнің бірінші айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз және Наурыз мейрамы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 3 күн демалыс: 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 2 күн демалыс: 8 және 9 наурыз (жексенбі, дүйсенбі).

Наурыз мейрамы

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 5 күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 4 күн демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу