Биыл оқушылардың 80%-ы қашықтан білім алады

875

Интернет арқылы оқытатын платформалар саны 8-ге жеткен.

Биыл оқушылардың 80%-ы қашықтан білім алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жаңа оқу жылының екі ерекшелігі болатынын айтты.

"Бірінші, егер ата-аналардың өтініші болса, бастауыш білім алуда кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Екінші, эпидемиялық ахуал жақсы болса, шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде дәстүрлі түрде білім беру мүмкіндігін беріп отырмыз. Соңғы деректерге сәйкес, бірінші тоқсанда елдегі оқушылардың 80%-ы, яғни 2,6 млн оқушы қашықтан білім алатын болады. 530 мың немесе 15% баланың ата-анасы кезекші сыныптарға баруға өтініш берді. Ал барлық оқушылардың 5%-ы, 202 мың бала оқуын дәстүрлі түрде жалғастырады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр қашықтан білім берудің де екі бағыты бар екенін айтып өтті.

"Біріншісі – интернет арқылы. Интернет арқылы оқытатын бұрынғы 2 платформаға жаз кезінде тағы 6 интернет платформа қосылып, барлығы 8 болды. Бұл платформалардың ыңғайына қарай, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері келісімшартқа отырады. Екінші – теледидардан берілетін сабақтар екі телеарнада жүргізіледі. "Балапан" және "Ел арна" 9 сағатқа дейін эфирін бізге беріп отыр", – деген ведомство басшысы офлайн білім беретін мекемелерде санитарлық нормалар қатаң сақталуы шарт екенін тілге тиек етті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу