Биыл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 19,8 пайызға жоғарылады

1550

Биыл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 19,8 пайызға жоғарылады

Биылғы жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 19,8%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 29,5%, өңдеу өнеркәсібінде 9,3%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 20,9%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 34,1%, дизель отынына - 26,5%, мазутқа - 21,7%, сұйытылған пропан және бутанға - 20,4%, табиғи газға - 15,9%, көмірге - 11,3%, бензинге 1,8%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға - 23,9%, алюминийге - 9,2%, мысқа 1,3%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға - 11,5%, мырышқа 4,7%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 20,8%, қара бидай ұнына - 8%, бидай ұнына - 6,7%, шайға - 7,9%, құс етіне – 7,1%, мал етіне - 2,5%, қантқа - 5,6%, сүт өнімдеріне - 2,7%, нанға 1,1%-ға жоғарылауы байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу