Биыл Ораза айында жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылған

1086

Қазақстанда сәуірде дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл Ораза айында жаңа туған нәрестелерге қандай есімдер жиі қойылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл Ораза айында Рамазан есімді 1 085 ұл дүниеге келген. Екінші орында Айсұлтан есімі тұр, бұл ат 248 ұлға қойылды. Үшінші орында – Әлихан, бұл есім 174 ұлға берілген.

2022 жылғы сәуірде 141 қазақстандық баласына Нұрислам есімін берген, бұл ат наурызда төртінші орында болған. Сол уақытта 191 балаға Нұрислам есімі қойылды.

Қыздарға ең көп қойылған есім – Медина. Сәуірде ата-аналар 430 нәрестеге осы есімді берген. Екінші орында – Раяна, бұл есім 383 рет қойылды. Үшінші орында – Айша, бұл есім 343 қызға берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу