Биыл пара берушілерге делдалдық жасаған 19 адам жауапқа тартылды

794

Соңғы үш жылды пара беруші мен пара алушыға көмектескен 124 адам істі болды.

Биыл пара берушілерге делдалдық жасаған 19 адам жауапқа тартылды

Бұл туралы еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров онлайн брифинг барысында айтты. 

"2017 жылдан 2020 жылдың 5 айы аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара беру барысында делдалдық қызметі бойынша 200 қылмыс тіркелді. Яғни, 2017 жылы – 84, 2018 жылы – 68, 2019 жылы – 42, 2020 жылдың 5 айында – 19 заң бұзушылық", – деді ол. 

Сонымен қатар соңғы үш жылды пара беруші мен пара алушы арасында делдалдық қызмет атқарған 124 адам істі болған. 

"Оның 21-і бас бостандығынан айрылса, 6 адамның бостандығы шектелді, ал 84 адамға айыппұл салынды. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық жасауға көмектесіп, делдалдық жасау парақорлықпен тең қылмыс екенін еске саламыз. Өйткені оған қос тарап та сенеді және жемқорлыққа қатысты қылмыстардың көбі дәл осындай делдардардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай адамдардың ісі пара алушының әрекеті сынды қоғамға қауіпті", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу