Биыл пәтер кезегінде тұрған 8 мың алматылық баспанамен қамтылады

835

"Алматы жастары" бағдарламасы аясында 1 мың адамға үй беру жоспарланған. 

Биыл пәтер кезегінде тұрған 8 мың алматылық баспанамен қамтылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп беру кездесуі барысында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы сөз қозғады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

2020 жылы қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2948 пәтер бөлінді. Сонымен қатар, 1 мың жас отбасы "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы баспанаға қол жеткізді.

Сонымен қатар, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 294,4 мың шаршы метр болатын 3902 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

"Биылғы жылы мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында қала тұрғындарына жалпы саны 8292 пәтер бөлінеді. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне – 427 пәтер, көп балалы отбасыларға – 452, жұмыс істейтін жастарға-1050 пәтер бар. Сондай - ақ, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша 3578 пәтер, "Несиелік баспана" бойынша - 1411, "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында - 374 пәтер беріледі. Бұған қоса "Алматы жастары" бағдарламасы жалғасады. Жоба арқылы 1 мың жас алматылық тұрғын үймен қамтылады", - деді шаһар басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу