Биыл Павлодар облысына 138 адам қоныс аударған

1436

 2018 жылы Ертіс өңіріне оралмандар мен ішкі қоныс аударушылардан 2081 адам қоныстанды.

Биыл Павлодар облысына 138 адам қоныс аударған

1 наурыздағы жағдай бойынша өңірге Қытай, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен 27 отбасы (138 адам), еліміздің оңтүстік өңірлерінен 52 отбасы (237 адам) қоныс аударған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Қашкенова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Енбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша үкімет қаулысымен квота бекітіліп, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өңірлерге бөлінеді. Биылғы жылы 250 этникалық қазақ (63 отбасы) және 2175 ішкі қоныс аударушы (548 отбасы) келеді. Біздің аймақ жұмыс күші артық Түркістан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл өңірлерінен келген адамдарды қабылдай алады", – дейді Хелуа Қашкенова.

Спикердің айтуынша, еліміздің оңтүстік өңірлерінде облысқа қажет мамандарды қабылдау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көбінесе ауыл шаруашылығы, медицина және білім беру саласының мамандарына сұраныс бар.

"Көшіп келген азаматтардың басым бөлігі жеке кәсібін ашқысы келеді. Олар да мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты – еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқытуды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын қысқа мерзімді кәсіптік курстарға қатыса алады. 2018 жылы Ертіс өңіріне оралмандар мен ішкі қоныс аударушылардан 2081 адам қоныстанды. Олардың 381-сі – өз Отанына оралған этникалық қазақтар. Қоныс аударғандардың 71%-ы жұмыспен қамтылды", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу