Биыл Павлодар облысында 1,3 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған

820

Павлодар облысында 53 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығы анықталды.

Биыл Павлодар облысында 1,3 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылған

Облыстық полиция департаменті басшысы Амантай Әубәкіров халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу барысында соңғы 4 жылда қылмыстылықтың тұрақты төмендеуін атап өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Полиция іс-қимылының басымды бағыттарының бірі есірткі қылмысымен күресу болып табылады, Биылғы 8 айда 149 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде есірткі заттарын аса ірі көлемде сату және сақтауға байланысты 50 қылмыс анықталды. Есірткі заттарын алудың жалпы көлемі 102 келіні құрайды. Сондай-ақ облысымызда браконьерлік мәселе де өзекті болып табылады. Биыл рейдтік іс-шаралар өткізу нәтижесінде табиғатты қорғау заң саласында 42 қылмыстық және 580 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 4,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды",– деді Амантай Әубәкіров.

Ведомство басшысы өз баяндамасында облыс жолдарындағы жағдайларға да қысқаша тоқталып өтті.

"Бұл салада біз 53 мыңнан аса жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын анықтадық. 1358 құқықбұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды. Алкогольдік мас күйде 1361 жүргізуші ұсталды. Оның 201-і әкімшілік қамауға алынды. 586 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды",– деді ол.

Сонымен қатар, бүгінде одорологиялық зертхана өзінің оң нәтижелерін көрсетуде екен. Қызметтік иттердің көмегімен иіс пен іздерді пайдалана отырып, арнайы криминалистикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың көмегімен 2 кісі өлтіру, 2 тонау қылмысы ашылған.

"Ең өзекті мәселе – қауіпсіздік саласын сандық жүйеге көшіру, Павлодар қаласында бейнебақылау Жедел басқару орталығының 117 камерасы арқылы жүзеге асырылады. Екібастұз, Ақсу және облыс аудандарының кезекші бөлімдерінде 130 бейнебақылау камералары қызмет етеді. Биылғы жылдың 8 айы ішінде олардың көмегімен 100-ден аса қылмыс ашылып, 19 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды",– деді департамент басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу