Биыл сақтандыру секторының активтері 3,8 трлн теңгеге жетті

117

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру бойынша.  

Биыл сақтандыру секторының активтері 3,8 трлн теңгеге жетті Фото: avto-yslyga.ru

2025 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,0%-ға 3,8 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 20,1%-ға өсу), ол негізінен сақтандыру қызметінен және бағалы қағаздарға инвестициядан түскен кірістердің өсуі нәтижесінде болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

2025 жылғы 1 қазанда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,5% (2,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 8,4% (316 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешегіне – 4,1% (153 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2025 жылғы қыркүйекте 1,5%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды
(2025 жылдың басынан бері 21,0%-ға өсу). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2025 жылғы қыркүйекте есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 3,2%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 18,0%-ға өсу).

2025 жылғы қыркүйекте сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 33,5 млрд теңгені құрады (2025 жылдың басынан бастап  – 222 млрд теңге).

2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 18,8 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға көп. Негізгі өсім өмірді сақтандыру (107,7%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылғы қыркүйекте 118,2 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 13,4%-ға көп.

Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныптары болып табылады, олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қыркүйекте 65,6 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 607,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға көп. Өсу, негізінен, зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 9,3%-ға және өмірді сақтандыру бойынша 17,1%-ға ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы қыркүйекте 31,2 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 419,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті залалдан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 17,1%-ға ұлғаюына байланысты.

Міндетті сақтандыру бойынша 2025 жылғы қыркүйекте 21,4 млрд теңге сомаға, жыл басынан бері 201,5 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыйлықақылары көлемінің 18,5%-ға өсіп, 88,3 млрд теңгеге дейін жетуімен байланысты.

Сақтандыру төлемдері 2025 жылғы қыркүйекте 37,7 млрд теңгені (140,7 мың төлем бойынша) құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 319,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  36,8%-ға көп. Өсу, негізінен, 48,8%-ға 103,3 млрд теңгеге дейін ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу