Биыл Семейдегі жаңа көпірдің құрылысы аяқталады

129

Жоба құны – 47,3 млрд теңге.  

Биыл Семейдегі жаңа көпірдің құрылысы аяқталады Фото: gov.kz

Бүгінгі таңда көпір салуға 27 млрд теңге жұмсалған. Биыл жергілікті бюджеттен тағы 2 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ескі автогуж көпірі маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің жұмысымен танысты.

2022 жылы басталған көпірдің ұзындығы – 810 метр, ені – 23 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған. Нысанда 174 адам жұмыс істеп жатыр.

Аймақ басшысы көпір құрылысы Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқанын атап өтіп, жұмысты биыл толық аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу