Биыл шағын несиеге қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді

857

Биыл шағын несиеге қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді

Елбасы 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. Алайда, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады. Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын", - деді Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Елбасы мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретін бұл әлеуметтік бастаманы одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек екенін атап өтті.

Бастама іске асқан соң, шағын несие алатындардың саны 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу