Биыл шаруаларға егіс жұмыстарына 800-850 мың тонна дизель отыны жеткізіледі

1058

Оның айтуынша, ақпанда фермерлерге дизель отыны беріледі. 

Биыл шаруаларға егіс жұмыстарына 800-850 мың тонна дизель отыны жеткізіледі

2022 жылғы көктемгі және күзгі егіс жұмыстарына жүргізу үшін шаруаларға 800-850 мың тонна дизель отыны жеткізіледі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен министр жанар-жағармай қорын құру маңызды екенін атап өтті.

"Биыл бірінші тоқсанда "ҚазМұнайГаз" АҚ базасында 150 мың тонна мұнай өнімдерінің қорын құрды жоспарлап отырмыз. "Қазақстан темір жолы" АҚ базасында 50 мың тонна мұнай өнімдерін сақтауды қарастырамыз", – деді Болат Ақшолақов ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдерін үйлестіруге тоқталды.

"Биыл ақпанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отыны беріле бастайды. Бұл оңтүстік өңірлерге қатысты. Жалпы биыл жалпы шамамен шаруаларға 800-850 мың тонна дизель отыны жеткізіледі. Бұл көктемгі және күзгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қажет", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу